45-ші «WorldSkills Kazan 2019» әлем чемпионаты
Ресейдегі 2019 жылдың басты халықаралық оқиғасы 45-ші «WorldSkills Kazan 2019» әлем чемпионатын өткізу болып табылады. Ертең, яғни 27 тамызда аяқталатын чемпионатқа 63 елден, атап айтсақ, Қытай, Нидерланды, АӘБ, Польша, Армения, Белоруссия, Малайзия, Намибия, Португалия, Словакия, Франция, Германия, Корея және көптеген басқа да елдер, оның ішінде, Қазақстаннан 31 құзіреттілік бойынша жас кәсіпқой шеберлері қатысып, жалпы саны 56 құзыреттілік бойынша 1300-ден астам байқауға қатысушы сайысқа қатысты.
Чемпионат 269 мың шаршы метрді құрайтын Қазан Экспо халықаралық көрме кешенінде өткізілуде. Осы чемпионатқа ресейлік, шетелдік ірі компаниялардың және кәсіпорындардың қатысқанын атап өткен жөн, олар чемпионаттың жарыс алаңдарын жабдықтау арқылы үлкен қолдау көрсетті, атап айтсақ, Samsung, 1c Company, MORI, FESTO, HEIDELBERG, Russian Helicopters, Sibur, Stanley Black&Decker, Toyota, Volvo, Weiler, Mitutoyo және тағы басқалары. Біздің бәсекелестер бұрын соңды халықаралық ауқымдағы жабдықтарды көрмеген, ондай жабдықтарда жұмыс істеу мүмкіндігі болмаған, сонда да өздерінің кәсіби шеберлік дағдыларын көрсете алды. Ертең, 27 тамызда, «Қазан Арена» стадионында 45-ші «Worldskills Kazan 2019» әлем чемпионатының жабылу салтанаты өтеді. Жабылудың шарықтау шегінде, чемпионат жеңімпаздарын алтын, күміс медальдармен және «Пилотсыз әуе жүйелерін пайдалану» құзыреттілігі бойынша Семей қ. Электротехникалық колледжінің студенті Әли Аскерханов қола медальмен марапатталады. WorldSkills стандарттарынан кәсіби шеберлігі бойынша халықаралық чемпионаттың қола жүлдегерін құттықтаймыз. Бәрекелді, жарайсың!
Сайысқа қатысушылардың байқау нәтижелері ертең, 27 тамызда белгілі болады. Барлығымызға жеңіс тілейміз!