Қаріп өлшемі
  • A
  • A
  • A

"Шығыс Қазақстан облысының кәсіптік білім беру орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Білім басқармасы 2023 жылғы 1 желтоқсанда Өскемен қызмет көрсету саласы колледжінің базасында «WorldSkills Kazakhstan 2023» VIII ұлттық кәсіби шеберлік чемпионатының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттау салтанатты жиынын өткізді. Салтанатты рәсімге облыстың құрама командасы және колледж басшылары қатысты .

Біздің құрама команданың қоржынында 1 алтын, 4 қола, сондай-ақ орташа ұпайдан жоғары жетістіктері үшін 7 медальон бар.

Іс-шара барысында білім басқармасының басшысы жеңімпаздарға, жүлдегерлерге және олардың тәлімгерлеріне құрмет грамоталары мен бағалы сыйлықтар табыс етті.

Білім басқармасының басшысы Чернышева Инесса Александровна чемпионаттың барлық қатысушылары мен олардың тәлімгерлеріне алғысын білдіріп, кәсіби табыс, мықты рух және шығармашылық шабыт тіледі.