Қаріп өлшемі
  • A
  • A
  • A

"Шығыс Қазақстан облысының кәсіптік білім беру орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Бүгін, 2020 жылдың 21 мамырында Шығыс Қазақстан облысы кәсіптік білім беру орталығының ұйымдастырумен Аягөз политехникалық колледжі және Риддер аграрлы-техникалық колледжі жалпы білім беретін  мектептердің 9-11 сынып түлектерімен және жұмыссыз жастарымен тікелей эфирде (instagram) онлайн-кездесу өткізіп, оқу орындары туралы нақты ақпараттар беріп өтті.

Талапкерлер өздерін толғандырған сауалнамаларға жауап алып,  бүгінгі таңда сұранысқа ие, бәсекеге қабілетті сан алуан мамандықтардың басты артықшылықтары мен ерекшеліктері туралы пайдалы ақпарат алды.

Келесі онлайн кездесу 2020 жылдың 22 мамырында өтеді, онда сіз Геологиялық барлау колледжі және М. Әуезов атындағы педагогикалық колледжінде оқудың ерекшеліктері туралы біле аласыздар.

Іс-шара кесте бойынша оқу орындарының әлеуметтік желілерінде (instagram және facebook парақшаларында) алдағы уақытта жұмысын жалғастыратын болады.