Қаріп өлшемі
  • A
  • A
  • A

"Шығыс Қазақстан облысының кәсіптік білім беру орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Бүгін, 2020 жылдың 13 қаңтарында ШҚО білім басқармасының ұйымдастыруымен жұмысшы мамандықтарды насихаттау және 7-11 сынып оқушылары мен жұмыссыз жастарға кәсіптік бағдар беру мақсатында, облыс аудандары мен қалаларында, аймақтағы колледждер мен жоғары оқу орындарының өкілдерінен құралған мобильді топ «СтартПрофи – Shygys» стенд-моб жұмысын бастады.

Кәсіптік бағдар беру жұмысы 4 бағыт бойынша жылжымалы көрме және диалогтық алаң форматында аудандық білім бөлімдерімен бірлесіп, ағымдағы жылдың 5 ақпанына дейін өткізіледі. Мобильді топтың бірінші бағыты Ұлан-Жарма-Аягөз-Үржар аудандары бойынша жүреді.