Қаріп өлшемі
  • A
  • A
  • A

"Шығыс Қазақстан облысының кәсіптік білім беру орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

2024 жылдың 10 -15 қыркүйегі аралығында Францияның Лион қаласында 69 мемлекеттің қатысуымен 62 құзыреттілік бойынша «WorldSkills Lyon 2024» әлем чемпионаты өтеді.

Қазақстан Республикасы Ұлттық құрамасы аталған чемпионатқа 30 құзіреттілік бойынша қатысады. Солардың қатарында Өскемен жоғары политехникалық колледжінің студенттері, Қазақстан Республикасы Ұлттық құрамасының мүшелері Деменко Артем және Лапин Платон «Мехатроника» құзыреттілігі бойынша қатысып,  өздерінің кәсіби шеберліктерін халықаралық деңгейде шыңдамақ.

Әлем чемпионатында Қазақстан Республикасының Ұлттық құрамасының барлық қатысушыларына сәттілік тілей отыра, Көк туымызды халықаралық деңгейде көкке көтеріп, елге жеңіспен оралуларына тілектеспіз!!!