WorldSkills стандарттары бойынша демонстрациялық емтихан
Демонстрациялық емтиханның енгізілуі техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінде еліміздің әлеуметтік-экономикалық жаңғыруына байланысты құрылымдық өзгерістердің орын алуымен байланысты болды. Аталған шара заманауи әдістер мен технологияларды игере отырып, жоғары білікті мамандарды даярлауда инновациялық жағдайлар жасау мақсатында өткізілуде. Сонымен қатар, білім алушыларға өндірістік жағдайларға жақын, меңгерілген кәсіби құзыреттіліктерін көрсетуге мүмкіндік береді. Студенттердің жұмысын бағалау үшін білім алушыларды даярлауға, білім беру бағдарламаларын түзетуге, нақты өндірістік жағдайларда түлектердің іскерліктері мен дағдыларын көрсетуге дайындық үлесін арттыруға қатысқан әлеуметтік серіктестер тартылады. 2022 жылы демонстрациялық емтихандар Шығыс Қазақстан облысының техникалық және технологиялық бейіндері бойынша кадрлар даярлайтын 8 мемлекеттік колледжінде WorldSkills кәсіптік стандарттары талаптары негізінде өткізілді. 2023 жылы демоэмтихандар қосымша 5 мемлекеттік колледжде аспаз, құрғақ дәнекерлеу, электр газбен дәнекерлеуші, электромонтер біліктіліктері бойынша өткізілуде. Соның бірі, Өскемен жоғары политехникалық колледжінде «Электрмонтаждау» мамандығы бойынша демонстрациялық емтихан өтуде. 2025 жылға дейін техникалық және технологиялық бағытта кадрлар даярлайтын 15 мемлекеттік колледжді 100% демонстрациялық емтиханмен қамту жоспарлануда.