Қаріп өлшемі
  • A
  • A
  • A

"Шығыс Қазақстан облысының кәсіптік білім беру орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Шығыс Қазақстан облысы ТжКББ жүйесі оқу орындарының кәсіптік бағдар беру жұмысының Циклограммасы аясында, бүгін, ағымдағы жылдың 6 ақпанында Өскемен қызмет көрсету саласы колледжінде №21 мамандандырылған мектептің оқушылары мен олардың ата-аналары үшін Ашық есік күні өтті. Кәсіптік бағдар берушілер колледж бойынша экскурсия, негізгі мамандықтар бойынша кәсіби сынамалар, әр түрлі танымдық шеберлік сыныптарын, сондай-ақ ата-аналар үшін жиналыс өткізді. Мектеп түлектері мен олардың ата-аналары колледж атмосферасына еніп, өздерін қызықтыратын барлық ақпаратты алуға мүмкіндік алды. Ашық есік күні достық атмосферада өтті. Оқушылар болашақ мамандық таңдауда не маңызды екенін өздері естіп, көре алды.