Қаріп өлшемі
  • A
  • A
  • A

"Шығыс Қазақстан облысының кәсіптік білім беру орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Бүгін, 2021 жылғы 18 қарашада директорлардың оқу-өндірістік жұмысы жөніндегі орынбасарларының ОӘБ жоспарына сәйкес, ШҚО кәсіптік білім беру орталығы Семей қаласының Құрылыс колледжімен бірлесіп  «WorldSkills Kazakhstan Conference 2021» республикалық конференциясы  шеңберінде «WorldSkills» стандарттары негізінде құрылыс құзыреттілігі бойынша кәсіби шеберлікті қалыптастыру» пікірталас алаңын өткізді. Қатысушылар: «Talap» КеАҚ, ШҚО білім басқармасының, ШҚО кәсіптік білім беру орталығының өкілдері, құрылыс бейіні құзыреттілігі бойынша Қазақстандағы WorldSkills қозғалысының стейкхолдерлері, ҚР ТжКБ ұйымдарының жұмыс берушілері, оқу-өндірістік жұмысы жөніндегі орынбасарлары, өндірістік оқыту шеберлері. Мақсаты - құрылыс құзыреттілігі бойынша WorldSkills конкурсына қатысушыларды дайындау кезінде педагогтердің кәсіби шеберлігін арттыру мәселелері бойынша білім беру мекемелері қызметінің негізгі бағыттарын қарау, құрылыс бейінінің құзыреттілігі бойынша WorldSkills стандарттары мен талаптарын енгізу бойынша ТжКБ ұйымдарының тәжірибесін көрсету, сондай-ақ, білім алушыларды WorldSkills чемпионаттарына дайындау кезінде оқыту тәсілдерін көрсету. Пікірталас алаңы жұмысының қорытындысы бойынша тиісті ұсынымдар қабылданды.