Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай қашықтан өткізілген ғылыми-практикалық конференция
ШҚО кәсіптік білім беру орталығы М. Әуезов атындағы педагогикалық колледжімен бірлесе отырып, Абайдың 175 жылдығына арналған «Абай және адамзат құндылығы» атты дәстүрлі облыстық ғылыми – тәжірибелік конференция ұйымдастырып өткізді. Карантинге байланысты ТжКБ оқу орындарының педагогтері мен білім алушылары арасында қашықтан өткен конференция келесі бағыттарды қамтыды:
- «Оқу-тәрбие үрдісінде Абай мұрасын оқытудың заманауи технологиялары»;
- «Абай идеялары және Мәңгілік Ел»;
- «Абай мұрасының құқықтық мәдениетін қалыптастырудағы орны»;
- «Абай аудармалары және адами құндылықтар.
Семинар барысында өңірдің 14 колледжінен 69 жас педагог пен білім алушы инновациялық идеялар мен бастамаларды ұсынды, Абай мұрасын зерттеудегі өзекті мәселелерді талқылады.
Сонымен қатар, конференция жұмысына Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің профессор-оқытушылар құрамы қатысты. Конференцияның барлық қатысушыларына ШҚО кәсіптік білім беру орталығының алғыс хаттары мен сертификаттары табыс етіледі.