Дуальды білім беру жүйесі техникалық және кәсіптік білім беру жүйесіндегі мамандарды даярлаудың негізі ретінде
Қазіргі таңда Шығыс Қазақстан облысының техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінде 82 колледждің 57-де дуальды оқытуды пайдалану арқылы оқытылатын 63 мамандық және 107 біліктілік бойынша 4 мыңнан астам студент қамтылған. Оның ішінде 50 оқу орны (87,7%) технологиялық, техникалық және ауылшаруашылық мамандықтары бойынша оқытуды жүзеге асырады. Жыл сайын колледждердің әлеуметтік серіктес-кәсіпорындар саны артып келеді, бүгінгі таңда 1696 кәсіпорынның 658-і дуальды оқытуға тартылған. Шығыс Қазақстан облысы бойынша пилоттық жобаны іске асырудағы табысты мысалдардың бірі - Өскемен құрылыс колледжі мен Бұқтырма цемент компаниясының «Өнеркәсіп механигі» мамандығы бойынша кадрлар даярлау жөніндегі ынтымақтастығы болып табылады. Компанияда оқу-өндірістік шеберхана жұмыс істейді, онда Өскемен құрылыс колледжінің студенттері тәжірибеден өтеді, әрі қарай жұмыс орындары аясында жұмысқа орналасады. «Өнеркәсіп механигі» жобасын жүзеге асыру ынтымақтастық шегін кеңейтуге мүмкіндік береді, аға сеньорлар желісі бойынша халықаралық сарапшылар шақырылады, колледж қызметкерлері республика деңгейінде конференцияларға, семинарларға, конкурстарға қатысады. Мысалы, 2019 жылдың ақпан айында Нұр-Сұлтан қаласында "Heidelbergcement" бас әріптесімен Өскемен құрылыс колледжі «Өнеркәсіп механигі» мамандығын іске асыру аясында қызмет нәтижелерін таныстырды. Қорыта келе, дуальды оқытуды енгізу тек облыс экономикасы үшін ғана емес, жалпы республика бойынша да жоғары білікті жұмысшы кадрларды даярлау мен қайта даярлаудың сапалы деңгейіне көшуге ықпал ететіні белгілі.