Дүниежүзілік еңбекті қорғау күніне арналған ШҚО ТжКББ жүйесінің техникалық бейiндегi мамандықтар бойынша оқу орындарының студенттері арасында «Қауіпсіз еңбек - әр адамның кұқығы» атты облыстық олимпиада
Шығыс Қазақстан облысы кәсіптік білім беру орталығының ұйымдастыруымен еңбекті қорғау және кауiпсiздiк саласындағы теориялық бiлiм деңгейін арттыра отырып, ТжКББ жүйесі оқу орындары студенттерінің өмiр кауiпсiздiгi жағдайларын жақсарту мақсатында Алтай қаласының технология колледжі базасында ағымдағы жылдың 26 сәуірінде дүниежүзілік еңбекті қорғау күніне арналған техникалық бейiндегi мамандықтардың студенттері арасында «Қауіпсіз еңбек - әр адамның кұқығы» атты олимпиада өтті.
Олимпиадаға облыстың 12 колледжінен 17 студент қатысып, еңбектi қорғау саласын құқықтық камтамасыз ету; өндiрiстiк жарақат және өндiрiстегi кәсiптiк сырқаттану; өндiрiстiк санитария; электр қауiпсiздiгi; өрт қауіпсіздігі бөлiмдері бойынша түрлі тапсырмалар орындады.
Қатысушылар олимпиаданың бірінші кезеңінде теориялық білімді тексеруге бағытталған тест орындап, екінші практикалық кезеңінде ситуациялық тапсырмалар шешіп, үшінші кезеңінде «Мамандық бойынша еңбек қауіпсіздігі» тақырыбында бейнеролик жасады.
Байқау қорытындысы бойынша:
І дәрежелі дипломды – Алтай қаласының технология колледжінің студенті
Савельева Ангелина; ІІ дәрежелі дипломды – Глубокое техникиалық колледжінің студенті Васильева Елена және Өскемен жоғары политехникалық колледжінің студенті Бектенов Даниял; ІІІ дәрежелі дипломды – Самар аграрлық-техникалық колледжінің студенті Лынов Александр, Алтай жоғары колледжінің студенті Карачевцев Егор және Өскемен көпсалалы технология колледжінің студенті Солташев Мадияр иеленді.
Қатысқандар мен олардың ғылыми жетекшілеріне қатысқандары үшін алғыс айтамыз.