Қаріп өлшемі
  • A
  • A
  • A

"Шығыс Қазақстан облысының кәсіптік білім беру орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

ШҚО кәсіптік білім беру орталығы электроэнергетикалық бағытындағы оқытушылардың облыстық әдістемелік бірлестігінің жұмыс жоспарына сәйкес Өскемен жоғары политехникалық колледжімен бірлесіп, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру оқу орындарының студенттері арасында жалпы кәсіптік пәндер бойынша «Энергетика біздің айналамызда» халықаралық онлайн-олимпиадасын өткізді. Мақсаты – электротехника, электр машиналары және трансформаторлар, сызу, техникалық механика сияқты жалпы кәсіптік пәндерді оқуға қызығушылықты арттыру. Олимпиадаға Қазақстан Республикасы, Қырғызстан Республикасы және Ресей Федерациясының 16 колледжінен 39 студент қатысты. Олимпиада үш тур бойынша өткізілді. Бірінші тур https://onlinetestpad.com/ru платформасында тестілеу түрінде өтті. Екінші турда «Техникалық механика негіздері» пәні бойынша есептеу-графикалық жұмыстарды орындады. Үшінші турда тұрақты ток электр машиналарының параметрлерін есептеді.

Олимпиада жүлдегерлерін төменде көрсетілген ШҚО білім басқармасының сайтынан көре аласыздар!

https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-bilim/press/news/details/529582?lang=kk

Құттықтаймыз!