«Энергетикалық бейіндегі кәсіпорындар үшін энергия үнемдеу және энергия тиімділігі»
Бүгін, ағымдағы жылғы 21 желтоқсанда электроэнергетикалық бағытындағы оқытушылардың облыстық әдістемелік бірлестігінің жұмыс жоспарына сәйкес Өскемен жоғары политехникалық колледжінің базасында «Энергетикалық бейіндегі кәсіпорындар үшін энергия үнемдеу және энергия тиімділігі» республикалық конференциясы өткізілді. Мақсаты – кәсіпорындардағы энергия тиімділігі мәселелеріне қызығушылықты арттыру, энергия тұтынуды сауатты басқарудың экономикалық әсерін және энергия тиімділігін арттыруға бағытталған бағдарламаларды талдау, кәсіпорындарда энергия тиімділігі мен энергия үнемдеуді арттыру әдістерін енгізу тәжірибесімен алмасу. Конференция жұмысына өңірлердің 19 колледжінен 52 өкіл қатысты. Конференцияның пленарлық отырысында С.Т. Юсупов, Өскемен жоғары политехникалық колледжі Құзырет орталығы басшысының («Қазмырыш» ЖШС түсті металлургия кәсіпорнының энергия тиімділігін арттыру»), П.И. Попов, Өскемен конденсатор зауыты директорының («Реактивті қуатты өтеу») баяндамалары тыңдалды. Республикалық конференция жұмысы 3 секция бойынша жүргізілді. Конференция нәтижелері бойынша ұсыныстар әзірленді.