Қаріп өлшемі
  • A
  • A
  • A

"Шығыс Қазақстан облысының кәсіптік білім беру орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

«Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында жастар арасында жұмысшы мамандықтарын насихаттау және мектеп оқушыларына болашақ мамандық таңдауда бағыт-бағдар беру мақсатында ағымдағы жылдың 2-5 наурызы аралығында «Алтай» Технопаркінде (Серікбаев көшесі, 37) 7-11 сыныптар арасында «My PRO» мамандықтар фестиваліне 2000 астам оқушылар қатысады.

Арнайы алаңдарда қатысушылар 18 колледждер және 4 аймақтағы ЖОО-ның ең үздік мамандықтарымен танысып, квест ойындары арқылы өздерін келесі мамандықтар бойынша көрсете алады: «Білім беру», «Ветеринария», «Дәнекерлеу ісі», «Шаштараз өнері және сәндік косметика», «Медбикелік іс», «Электроэнергетика», «Тамақтануды ұйымдастыру», «Агрономия», «Өнер және мәдениет» және т.б.

Осылайша, фестивальдің барлық қатысушылары ойын арқылы, команда құру дағдыларына ие болады.