«Оқу үдерісі жағдайында студенттердің базалық және арнайы құзыреттіліктерін қалыптастыру»
Бүгін ағымдағы жылдың 30 қарашасында әдіскерлердің облыстық әдістемелік бірлестігі мен электр энергетикасы бағытындағы оқытушылардың оқу-әдістемелік бірлестігінің бірлескен қызметі шеңберінде Өскемен жоғары политехникалық колледжінің базасында техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің әдіскерлері, оқытушылары және өндірістік оқыту шеберлеріне арналған «Оқу үдерісі жағдайында студенттердің базалық және арнайы құзыреттіліктерін қалыптастыру» облыстық теориялық онлайн семинары өз жұмысын бастады. Мақсаты – педагогикалық тәжірибені жалпылау, құзыретті маман даярлау жүйесіне озық педагогикалық тәжірибелерді енгізу. Семинар барысында Л.Б. Богданованың («Химия сабақтарында студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстары»), К.К. Каинденованың («Жаңартылған оқыту жағдайында қазақ тілі, кәсіптік қазақ тілі пәндерінен сабақ үрдісінде қолданып жүрген белсенді әдіс-тәсілдер»), О.Н.Чирцованың («Студенттердің негізгі құзыреттіліктерді қалыптастыру құралы ретінде есептерді шешу дағдыларын қалыптастыру»), А.Е. Даирбекованың («Нейролингвистикалық бағдарламалау-студенттердің ақыл-ой белсенділігін арттыруға арналған әдіс») баяндамалары тыңдалды. Семинар жұмысы а.ж. 02 желтоқсанға дейін жалғасады.