«Тиімді білім беру әдістемелері мен технологияларын пайдалану негізінде болашақ маманның құзыреттілігін қалыптастыру»
Бүгін, ағымдағы жылғы 03 сәуірде Өскемен жоғары политехникалық колледжінің базасында техникалық және кәсіптік оқыту жүйесінің оқытушылары мен өндірістік оқыту шеберлері үшін «Тиімді білім беру әдістемелері мен технологияларын пайдалану негізінде болашақ маманның құзыреттілігін қалыптастыру» IIІ Халықаралық ашық білім беру форумының жұмысы басталды. Мақсаты – пікірталастар жүргізу, тәжірибе алмасу, ресейлік және шетелдік білім беру ұйымдарының әріптестерімен серіктестік орнату үшін нетворкинг форматында халықаралық ашық алаң құру. Форум жұмысына Жамбыл политехникалық жоғары колледжі, Қаратау құрылыс-техникалық колледжі, «Мирас» колледжі, Қостанай политехникалық жоғары колледжі, Мемлекеттік гуманитарлық-технологиялық университетінің Өнеркәсіптік-экономикалық колледжі (РФ, Орехово-Зуево қ.), Қазан энергетикалық колледжі (РФ, Қазан қ.), Минск монтаждау жұмыстарының мемлекеттік кәсіптік-техникалық колледжі (Беларусь, Минск қ.), т.б. оқу орындарының өкілдері қатысуда. Форум жұмысы а.ж. 07 сәуіріне дейін жалғасады. Форумның барлық қатысушыларына табысты жұмыс, жаңа идеялар, перспективалық шешімдер және жемісті қарым-қатынас тілейміз!