Қаріп өлшемі
  • A
  • A
  • A

"Шығыс Қазақстан облысының кәсіптік білім беру орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

2025 жылғы 14-15 тамызда Астана қаласында «Білім келешегі: Адал азамат – кәсіби маман» тақырыбында ұстаздардың республикалық тамыз конференциясы өтті.
Республикалық конференция аясында «Жұмысшы мамандықтар жылы: кәсіптік білім мен бизнестің жаңа мүмкіндіктері» тақырыбында панельдік секция ұйымдастырылды. Секция бағдарламасында панельдік пікірталас, диалог алаңы және шеберлік сыныптары болды.
Шараға ҚР Оқу-ағарту министрлігінің, «Talap» КЕАҚ өкілдері, білім басқармаларының өкілдері, директорлар кеңестерінің төрағалары, ТжКБ ұйымдарының басшылары мен орынбасарлары, әдіскерлер, арнайы пәндер оқытушылары және өндірістік оқыту шеберлері қатысты.
«ШҚО Кәсіптік білім беру орталығы» КММ директорының орынбасары Л.Т. Кездикбаева «Таңдаудан шеберлікке: жұмысшы мамандықтары жылындағы кәсіптік бағдарлау жұмысы» тақырыбында баяндама жасады. Лазат Тоқтарбековна оқушылардың оқу бағыты мен кәсіби өзін-өзі анықтауын қолдауға бағытталған өңірлік кәсіптік бағдарлау жүйесінің тәжірибесін таныстырды.
«Болашақ еңбек нарығы үшін білім беру: жұмысшы кәсіптердің сапасы мен сұранысын қалай қамтамасыз ету» тақырыбындағы диалог алаңында «Өскемен жоғары политехникалық колледжі» КМҚК директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Даирбекова Адема Ерлановна іс-тәжірибесімен бөлісті.
Қатысушылар үшін Астана колледждеріне экскурсия ұйымдастырылды.