Қаріп өлшемі
  • A
  • A
  • A

"Шығыс Қазақстан облысының кәсіптік білім беру орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Астана қаласының «EXPO» халықаралық көрме орталығы базасында ағымдағы жылдың 22-27 қарашасы аралығында «WorldSkills Kazakhstan 2023» VIII Республикалық кәсіби шеберлік чемпионаты өтті. Аталған чемпионатқа еліміздің барлық өңірлерінен 30 негізгі құзыреттілік бойынша 545-тен астам колледж студенттері мен жұмысшы жастар қатысты. Байқауға қатысушыларды 520-ға жуық сараптамалық қоғамдастық пен бизнес өкілдері бағалады. Біздің құрама команданың қоржынында 1 алтын, 4 қола, сонымен қатар орташа балдан жоғары жетістіктері үшін 7 медальон бар.

Алтын медаль иегері:

«Мобильді қосымшаларды әзірлеу» құзыреттілігі бойынша - Өскемен жоғары политехникалық колледжінің студенті Иванин Константин.

Қола медальдармен марапатталғандар:

«Бизнеске арналған IT шешімдер» құзыреттілігі бойынша - Филиппов Роман, Өскемен жоғары политехникалық колледжінің студенті;

«Мехатроника» құзыреттілігі бойынша - Лапин Платон, Деменко Артем, Өскемен жоғары политехникалық колледжінің студенттері.

«Шанақты жөндеу» құзыреттілігі бойынша - Кравцов Артем, Өскемен жоғары политехникалық колледжінің студенті.

Үздік маман атанған қатысушылар:

«Электроника» құзыреттілігі бойынша - Оруджев Иса, Өскемен жоғары политехникалық колледжінің студенті;

«Инженерлік графика CAD» құзыреттілігі бойынша - Нығмет Ғалымжан, Өскемен жоғары политехникалық колледжінің студенті;

«Кірпіш қалау» құзыреттілігі бойынша - Сидоренко Клим, Өскемен құрылыс колледжінің студенті;

«Дәнекерлеу технологиясы» құзыреттілігі бойынша - Беляев Рүстем, Өскемен құрылыс колледжінің студенті;

«Мобильді робототехника» құзыреттілігі бойынша - Литвиненко Егор, Анищенко Сергей, Өскемен жоғары политехникалық колледжінің студенттері;

«Элeктромонтаждау жұмыстары» құзыреттілігі бойынша - Бобрусов Кирилл, Өскемен жоғары политехникалық колледжінің студенті.

Чемпионаттың жеңімпаздары мен жүлдегерлерін құттықтаймыз!