Қаріп өлшемі
  • A
  • A
  • A

"Шығыс Қазақстан облысының кәсіптік білім беру орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

2023 жылғы 23-24 қазан аралығында Өскемен жоғары политехникалық колледжінің базасында техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері арасында инженерлік саласы бойынша кәсіби шеберліктің ІІІ республикалық конкурсының 1 кезеңі басталады.

Конкурсты ұйымдастырушылар: ШҚО білім басқармасы, ШҚО кәсіптік білім беру орталығы, Өскемен жоғары политехникалық колледжі.

Конкурстың мақсаты - дарынды арнайы пәндер оқытушыларын және өндірістік оқыту шеберлерін анықтау, оларды қолдау және көтермелеу, кәсіби және педагогикалық шеберліктерін арттыру, инновациялық педагогикалық тәжірибені тарату.

Конкурсқа еліміздің барлық өңірлерінен ТжКОБ ұйымдарының арнайы пәндер оқытушылары мен өндірістік оқыту шеберлері қатысады: Жоғары техникалық колледжі (Көкшетау қ.), Алматы жолаушылар көлігі және технологиялар колледжі, Жоғары техникалық колледжі (Щучинск қ.), Алматы мемлекеттік энергетика және электронды технологиялар колледжі, Кәсіптік-техникалық колледжі (Астана қ.), Қ. Пішенбаев атындағы Екібастұз тау-кен техникалық колледжі, Павлодар машина жасау колледжі, Павлодар техникалық сервис колледжі, Павлодар жоғары мұнай-газ колледжі, Талдықорған индустриялық колледжі, Құрылыс колледжі (Семей қ.), Ақтөбе өнеркәсіптік технологиялар колледжі, Рудный политехникалық колледжі, Сарыкөл агробизнес және құқық колледжі, Қарағанды машина жасау колледжі, «Қазақмыс» корпорациясының политехникалық колледжі, Х. Өзбекғалиев атындағы Маңғыстау жоғары политехникалық колледжі, Н. Бекбосынов атындағы Маңғыстау энергетикалық колледжі, Ә. Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің инновациялық технологиялар колледжі, М. Ықсанов атындағы Қызылорда политехникалық колледжі.

Конкурстың барлық қатысушыларына сәттілік тілейміз!