Қаріп өлшемі
  • A
  • A
  • A

"Шығыс Қазақстан облысының кәсіптік білім беру орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Ағымдағы жылғы 16-17 қараша аралығында Тараз қаласында ТжКОБ ұйымдары педагогтері арасында мәдениет және өнер саласы бойынша кәсіби шеберліктің ІІІ республикалық конкурсы өткізілді.

Аталған конкурсқа Халық әртістері ағайынды Абдуллиндер атындағы Шығыс Қазақстан өнер училищесінің оқытушылары қатысты.

Конкурс қорытындысы бойынша Халық әртістері ағайынды Абдуллиндер атындағы өнер училищесінің оқытушылары келесі жүлделі орындарды иеленді:

Бас жүлде - Ринатов Ерасыл Ринатұлы, концертмейстер Миськив Ольга Николаевна;

1 орын - Әлібекова Ақмарал Әлібекқызы, концертмейстер Миськив Ольга Николаевна;

3 орын - Русаков Александр Александрович, концертмейстер Миськив Ольга Николаевна.  

Жеңімпаздарды құттықтай отырып, шығармашылық табыстар тілейміз!