Қаріп өлшемі
  • A
  • A
  • A

"Шығыс Қазақстан облысының кәсіптік білім беру орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Ағымдағы жылдың 11-13 қазан аралығында Абай облысы Семей  қаласында құрылыс саласы бойынша ТжКББ ұйымдары педагогтері арасында ІІІ Республикалық кәсіби шеберлік конкурсы өткізілді. Аталған конкурсқа Шығыс Қазақстан облысынан «Кірпіш қалау» құзіреттілігі бойынша «Өскемен құрылыс колледжі» КММ өндірістік оқыту шебері Муканов Талгат Муканович қатысып, қорытындысында алғыс хат пен медаль иеленді.  «Сырлау және сәндік жұмыстар» құзіреттілігі бойынша  қатысқан «Алтай қаласының технологиялық колледжі» КММ арнайы пәндер оқытушысы Маутиева Толкын Муктаровна шығармашылығының нәтижесінде алғыс хатпен марапатталды. Әріптестерімізді жетістіктерімен құттықтаймыз!