Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері арасындағы инженерлік сала бойынша кәсіби шеберліктің ІІ республикалық конкурсы
2022 жылғы 20 қазанда техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері арасында инженерлік сала бойынша кәсіби шеберлік ІІ республикалық конкурсының 1 кезеңі басталды. Конкурстың мақсаты - ТжКОБ жүйесінің арнайы пәндер оқытушылары мен өндірістік оқыту шеберлерін қолдау және көтермелеу, педагогикалық шеберліктерін арттыру. Конкурсқа Қарағанды машина жасау колледжінің, Ә. Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің инновациялық технологиялар колледжінің, «Қазақмыс» корпорациясының политехникалық колледжінің, Павлодар машина жасау колледжінің, Павлодар техникалық сервис колледжінің, Қ. Пішенбаев атындағы Екібастұз тау-кен-техникалық колледжінің Жоғары түсті металлургия колледжінің (Павлодар қ.), Жоғары техникалық колледжінің (Көкшетау қ.), Жоғары техникалық колледжінің (Щучинск қ.), Атырау индустриалды колледжінің, Атырау энергетика және құрылыс колледжінің, Талдықорған жоғары политехникалық колледжінің, И. Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлық техникалық жоғары колледжінің, Өскемен жоғары политехникалық колледжінің арнайы пәндер оқытушылары мен өндірістік оқыту шеберлері қатысты. Байқаудың 1-модуль тапсырмасына сәйкес қатысушылар графикалық редакторда сызба құрды. Ертең, яғни, 21 қазан күні байқаудың 1-кезеңінің 2-модулі бойынша қатысушылар тестілеуден өтеді.
Байқаудың І кезеңі 2022 жылдың 21 қазанында аяқталады.