Қаріп өлшемі
  • A
  • A
  • A

"Шығыс Қазақстан облысының кәсіптік білім беру орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Аймақта өңірдің еңбек нарығының қажеттілігін ескере отырып, сұранысқа ие мамандарды даярлауға ерекше назар аударылып келеді, осылайша, 7 жыл бойы «Білікті маман» жобасы айтарлықтай өз нәтижесін беруде. Сонымен бірге, жобаны іске асыру кезеңінде жергілікті бюджеттен 2576 білім гранты бөлінгенін атап өткен жөн. Ағымдағы жылы сұранысқа ие мамандықтар бойынша 270 білім грантын бөлу жоспарлануда.

Бүгін, 11 қаңтарда Өскемен қаласы мектептерінің 11 сынып оқушылары арасында «Білікті маман» жобасы аясында жоғары білім алу мүмкіндіктері туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстары басталды.

Кәсіптік білім беру орталығының өкілдері №16, №19 орта мектептерінің бітіруші сынып оқушыларымен кездесулер өткізді, болашақ талапкерлер жергілікті бюджет есебінен білім беру гранттарын алу үшін жоғары оқу орындарына түсу шарттары туралы толық ақпарат алды.