Қаріп өлшемі
  • A
  • A
  • A

"Шығыс Қазақстан облысының кәсіптік білім беру орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

2019 жылғы 13 тамызда Шығыс Қазақстан облысының кәсіптік білім беру орталығы Өскемен қызмет көрсету саласы колледжі базасында «Халықаралық стандарттарға сәйкес ТжКБ білім беру бағдарламаларын жаңғырту» тақырыбында ТжКБ оқу орындары директорларының оқу және оқу-өндірістік жұмысы жөніндегі орынбасарларының тамыз кеңесінің секциялық отырысын өткізді.

ШҚО кәсіптік білім беру орталығының білім беру үдерісін әдістемелік сүйемелдеу бөлімінің басшысы Қауменова Нұргүл Оралханқызы құттықтау сөз сөйледі.

Секциялық отырыс жұмысының барысында ТжКББ мазмұнын жаңарту мәселелері қозғалды (Н. О. Кауменова). Сондай-ақ, отырысқа қатысушылар 2019 жылы 7 тамызда Атырау қаласында өткен Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесі педагог қызметкерлерінің тамыз конференциясы шеңберінде республикалық тақырыптық алаң жұмысы туралы ақпараттандырылды (М. В. Кем, «Электротехникалық колледжі» КМҚК директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары»).

 «Кәсіпқор» Холдингінің ТжКББ мазмұнын жаңарту Департаменті бөлімінің бас менеджері Әмір Қымбат Қайыркенқызы онлайн режимінде өзектендірілген білім беру бағдарламаларын енгізу үдерісін нормативтік-құқықтық және әдістемелік қамтамасыз етумен таныстырды. Жаңа оқу жылынан бастап ШҚО барлық колледждері модульдік оқытуға көшуіне байланысты, отырысқа қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды.

Секция отырысы аяқталғаннан кейін «Үздік педагог» республикалық конкурсының облыстық кезеңінің қорытындысы бойынша марапаттау рәсімі өтті.

Байқау қорытындысы бойынша 1-орын – «М.О.Әуезов атындағы Семей педагогикалық колледжі» КМҚК химия және биология пәнінің мұғалімі Б. Ж. Қалкеноваға, 2-орын «Р.Байсеитов атындағы Семей қаржы-экономикалық колледжі»  КМҚК арнайы пәндер оқытушысы Г. К. Мукушеваға берілді. 3-ші орынды «Электротехникалық колледжі» КМҚК қоғамдық пәндер оқытушысы Н. Л. Гидулян иеленді.

Сонымен қатар, конкурс нәтижесі бойынша келесі номинациялар берілді: «Шығармашыл педагог» - Бекшойнова А. Е., «Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжі» КМҚК оқытушысы, «Жаңашыл педагог» - Жаркембаева А. М., «Қ. Нұрғалиев атындағы Колледж» мекемесінің оқытушысы, «Білікті педагог» - Смагулова Ш. С., Семей көпсалалы колледжінің оқытушысы.