ШҚО колледждерінде қашықтықтан оқыту технологиялары (ҚОТ) арқылы оқытудың әдістемелік сүйемелдеу жұмыстары ұйымдастырылды
ҚР БҒМ 2020 жылғы 14 наурыздағы № 108 «Білім беру ұйымдарында, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдарда, пандемия кезеңінде СOVID-19 коронавирустық жұқпасының таралуына жол бермеу жөніндегі шараларды күшейту туралы» бұйрығына сәйкес ШҚО ТжКБ барлық ұйымы 2020 жылғы 16 наурыздан бастап қашықтықтан оқыту технологияларын (бұдан әрі – ҚОТ) қолдану арқылы оқуға көшті.
Осыған байланысты ШҚО білім басқармасы мен ШҚО кәсіптік білім беру орталығы колледждердің ИПҚ әдістемелік сүйемелдеуін көрсету бойынша жұмыс ұйымдастырды, білім беру үдерісінің барлық қатысушылары қашықтықтан оқыту технологияларымен және жүйесімен танысты, сондай-ақ, төмендегі электрондық платформаларға қолжетімділік берілді:
- сanvas - 38 колледж;
- moodle - 10 колледж;
- google Classroom – 12 колледж;
- edus – 3 колледж;
- paragraph bilim – 1 колледж;
- dales – 2 колледж;
- eduPage – 1 колледж;
- euniver – 1 колледж;
- колледждердің авторлық платформалары – 2 және т.б.
Жетекші колледждер білім беру платформаларымен жұмыс істеу бойынша әдістемелік ұсынымдар мен бейнематериалдарды әзірлейді және бүгінгі күні Электротехникалық колледж CANVAS платформасы бойынша 17 онлайн - семинар және қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру бойынша 7 онлайн-семинар, Геологиялық барлау колледжі GOOGLE CLASSROOM платформасы бойынша 2 онлайн-семинар, Радиотехника және байланыс колледжі MOODLE – 7 онлайн-семинар платформасы бойынша өткізді.
Әрбір колледж YouTube-арнасын ашты, онда бейне сабақтар мен әдістемелік ұсынымдар орналастырылады. Мысалы, Электротехникалық колледждің ютуб-арнасында СANVAS платформасымен жұмыс істеу және бейне-сабақтарды әзірлеу бойынша әдістемелік ұсынымдар орналастырылған, сондай-ақ, мамандықтар бойынша дайын бейне сабақтар орналастырылған.
Орталықтың сайтында қашықтықтан оқыту технологиялары (ҚОТ) - қосымша беті жасалған, онда әрбір колледждің ютуб арналарына сілтемелер орналастырылады.
Білім беру үдерісіне қатысушыларды оқу-әдістемелік қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жүргізілуде, электронды білім банктері қалыптастырылады, бейне-сабақтар әзірленеді.
Қашықтықтан оқыту технологияларын әдістемелік сүйемелдеу бойынша жұмыстар жалғасуда.