«Жастардың зияткерлік әлеуеті Қазақстанның индустриялық-инновациялық дамуының драйвері ретінде»
2023 жылғы 20 сәуірде ШҚО кәсіптік білім беру орталығы Абай атындағы Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжінің базасында экономикалық бағыт оқытушылары облыстық әдістемелік бірлестігінің жылдық жоспарына сәйкес ШҚО ТжКБ ұйымдарының экономикалық пәндер оқытушылары үшін «Жастардың зияткерлік әлеуеті Қазақстанның индустриялық-инновациялық дамуының драйвері ретінде» облыстық оқыту семинарын өткізді. Семинардың мақсаты - экономикалық пәндерді оқу кезінде студенттердің экономикалық мәдениетін, кәсіпкерлік дағдыларын қалыптастыру, колледждерде экономикалық пәндерді оқытудың өзекті мәселелерін қарастыру және тәжірибе алмасу. Семинар қонақтары - Е. Н. Березинская - Абилова (ШҚО бойынша «Атамекен» ҰКП Өңірлік іскер әйелдер кеңесінің төрайымы, ШҚО қоғамдық кеңесі жанындағы кәсіпкерлікті ілгерілету комитетінің төрайымы), Д. Б. Токтасынов, Ж. А. Сергазин, А. Г. Дуйсекенова (ШҚО Кәсіпкерлер палатасы кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының менеджер - кеңесшілері). Семинар барысында «Өңірдегі әйелдер кәсіпкерлігін дамыту перспективалары», «Орта кәсіптік білім беру жүйесінде студенттердің экономикалық құзыреттіліктерін қалыптастыру үрдісін зерттеу нәтижелері», «Жаңа экономикалық саясат бәсекеге қабілетті мамандар», «ТжКБ жүйесі ұйымдарының студенттері үшін экономикалық пәндерді зерделеудің өзектілігі» тақырыптарында баяндамалар тыңдалды. Семинар нәтижесі бойынша тиісті ұсынымдар қабылданды. Барлық спикерлерге ШҚО кәсіптік білім беру орталығының Алғыс хаты табысталды.