Қаріп өлшемі
  • A
  • A
  • A

"Шығыс Қазақстан облысының кәсіптік білім беру орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

2023 жылдың 14 сәуірінде ШҚО кәсіптік білім беру орталығы Абай атындағы Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжімен бірлесіп, облыстық дене шынықтыру және спорт оқытушылары әдістемелік бірлестігінің жылдық жоспарына сәйкес «Дене шынықтыру сабақтарында инновациялық технологияларды қолдану» тақырыбында дене шынықтыру оқытушыларының облыстық семинар-практикумын өткізді. Семинарға облыс колледждері дене шынықтыру пәнінің 36 оқытушысы қатысты. Семинардың мақсаты тәжірибені жалпылау және инновациялық педагогикалық технологияларды қолдану, тәжірибе алмасу болды. Жұмыс барысында оқытушылар тәжірибелерімен бөлісіп, дене шынықтыруды оқытудың өзекті мәселелерін талқылады. Сонымен қатар шеберлік сыныптары өткізілді. Жұмыстың нәтижесі ретінде қабылданған ұсынымдар болды. Іс-шара соңында семинарға қатысушылар рефлексия өткізді. Семинар қорытындысы бойынша барлық қатысушыларға сертификаттар табысталды.