Қаріп өлшемі
  • A
  • A
  • A

"Шығыс Қазақстан облысының кәсіптік білім беру орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

2022 жылғы 22 сәуірде ШҚО кәсіптік білім беру орталығы әдіскерлердің облыстық әдістемелік бірлестігінің іс-шаралар жоспарына сәйкес Көлік колледжімен бірлесіп «ХХІ ғасырдағы ғылым мен жастар» студенттердің оқу-зерттеу және жобалау жұмыстарының қашықтықтан мемлекетаралық ғылыми-практикалық конференциясының қорытындысын шығарды.
Конференцияға қатысушылардың материалдарын бағалауды сараптамалық комиссия 2022 жылғы 19-22 сәуір аралығында жүргізді. Конференцияға барлығы 80 баяндама қабылданды.
Конференция 6 секция бойынша жұмыс жасады:
- Жастар және заманауи қоғамның проблемалары;  
- Қазіргі заман студенттері – әлеуетті білікті мамандар;
- Қазіргі қоғамдағы техникалық прогресс және жастар
- Мамандыққа талпыныс;
- Бүгінгі колледж тынысы – ізденіс, шығармашылық және шеберлік;
- Техникалық ғылым және жастар.
Конференция қорытындылары келесі сілтеме бойынша қолжетімді: https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-bilim/press/news/details/362402?lang=ru