Шығыс Қазақстан облысының техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің 2024 жылғы қорытындысы
1. Білім алушылар саны:
Облыс көлемінде 38 колледжде 19 мыңнан астам студент білім алуда. Оның ішінде 16 мыңнан астам студент мемлекеттік тапсырыс негізінде тегін оқиды.
2. Мемлекеттік тапсырыс:
2024-2025 оқу жылына техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарына 6630 грант бөлінді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 700 орынға көп.
3. Жұмысқа орналастыру:
Колледж түлектерінің жұмысқа орналасу көрсеткіші 86,6%-ды құрады, бұл аймақтағы білім беру мекемелерінің тиімділігін көрсетеді.
4. Дуальды оқыту жүйесі:
Дуальды оқыту жүйесі 27 колледжде жүзеге асырылуда. Бұл бағдарламаға 448 кәсіпорын серіктес болып, 5 мыңнан астам студент қатысады.
5. Нысаналы мемлекеттік тапсырыс:
20 колледжде 155 кәсіпорынның өтінімдері негізінде 2575 студент білім алуда.
6. Республикалық жоба:
2023 жылдан бастап іске қосылған республикалық жоба аясында 10-11 сынып оқушылары мектеп аттестатымен қатар колледж дипломын алу мүмкіндігіне ие. Жобаға 4 колледж және 149 оқушы қатысуда.
7. Құзыреттілік орталықтары:
Өңірдің 5 колледжінде құзыреттілік орталықтары жұмыс істейді. Бұл орталықтар оқытушыларды даярлау, тағылымдамадан өткізу және WorldSkills чемпионаттарын қолдау мақсатында құрылған.
8. Білім беру бағдарламалары:
Колледж оқытушылары жұмыс берушілермен бірлесіп, «Talap» КЕАҚ тізіліміне енгізілген 431 білім беру бағдарламасын әзірледі.
9. Педагогикалық біліктілік:
2024 жылы біліктілікті арттыру курстарынан 184 педагог өтті.
10. «Үздік педагог» байқауы:
Абай атындағы Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжінің оқытушысы Акимбаева Жанар Норлановна республикалық «Үздік педагог» байқауының жеңімпазы атанды. Жеңімпазға куәлік, төсбелгі және 1000 АЕК көлемінде ақшалай сыйлық табыс етілді.
11. Кәсіби шеберлік конкурстары:
11 бағыт бойынша облыстық кәсіби шеберлік конкурстары өткізілді. Республикалық конкурстарда педагогтер 1 алтын, 5 күміс және 1 қола медаль жеңіп алды.
12. Кадрлық резерв:
Кадр резервін дамыту үшін колледж педагогтері «Білім берудегі өзгерістердің 1000 көшбасшысы» жобасына қатысады. Абай атындағы Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжінің оқытушысы Болгибаева Акмарал Бекболатовна республикалық кадрлық резервке алынды.
13. Халықаралық аккредитация:
Әлемдік стандарттарға сәйкес Өскемен жоғары политехникалық колледжі халықаралық аккредиттеуден өтті.
.
14. Кәсіптік бағдар беру:
16 мыңнан астам мектеп оқушылары мен 600-ден астам NEET-жастарды қамтитын шаралар ұйымдастырылды.
15. WorldSkills чемпионаттары:
Жұмысшы мамандықтарының мәртебесін арттыру мақсатында жыл сайын WorldSkills Shygys өңірлік кәсіби шеберлік чемпионаты өткізіледі. 2024 жылы Өскемен жоғары политехникалық колледжінің студенттері «Мехатроника» құзыреттілігі бойынша Францияда өткен 47-ші Әлемдік WorldSkills чемпионатына қатысты.
Студенттердің жетістіктері: AgroSkills өңіраралық чемпионаты: 1 күміс және 2 қола медаль.
WorldSkills республикалық чемпионаты: 2 алтын, 1 күміс, 2 қола медаль және 3 медальон иеленді.