Қаріп өлшемі
  • A
  • A
  • A

"Шығыс Қазақстан облысының кәсіптік білім беру орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Бүгін, 2023 жылғы 3 қарашада, Өскемен жоғары политехникалық колледжінің базасында өткен техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері арасындағы инженерлік саласы бойынша кәсіби шеберліктің ІІІ республикалық конкурсы өз мәресіне жетті.

Қатысушылар соңғы 5 модульдегі өндірістік жағдайларға қатысты еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы бойынша жағдаяттық мәселені шешу үшін техникалық тапсырманы орындап, Өскемен жоғары политехникалық колледжі Құзыреттілік орталығында өткізілген «Биіктіктегі жұмыстар» шеберлік сыныбына қатысты.

Конкурстың жеңімпаздары мен жүлдегерлері анықталды:

Бас жүлде - Небытова Альмира Галиахметовна (Рудный политехникалық колледжі);

1 орын – Жумасейтов Нурдаулет Жумабаевич (Қарағанды машина жасау колледжі);

2 орын  –  Елеуова Лиза Алибековна        (Ақтөбе өнеркәсіптік технологиялар колледжі);

3 орын – Бондаренко Иван Сергеевич       (Щучинск қаласы Жоғары техникалық колледжі).

Номинациялар бойынша:

- «Жаңашыл инженер» - Иманкулова Жамила Байтурсыновна (Қ.Пішенбаев атындағы Екібастұз тау-кен техникалық колледжі);

- «Smart-инженер» - Поляков Николай Владимирович (Көкшетау қаласы Жоғары техникалық колледжі);

- «Креативті инженер» - Жексембеков Ерлан Тлеукенович   (Ә. Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің инновациялық технологиялар колледжі), Смагулова Айжан Кабышевна (Павлодар машина жасау колледжі), Аскапова Анар Кенесаровна (Павлодар техникалық сервис колледжі).

Конкурстың барлық қатысушыларына сертификаттар мен естелік сыйлықтар табыс етілді.

Конкурстың жеңімпаздары мен жүлдегерлері, сондай-ақ номинация иегерлеріне Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Грамоталары табысталатын болады.