Кәсіби шеберліктің ІІ республикалық конкурсының қорытындысы
Бүгін, 2022 жылғы 11 қарашада Өскемен қаласында техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері арасындағы инженерлік саласы бойынша кәсіби шеберліктің ІІ республикалық конкурсы өз мәресіне жетті. Конкурс ШҚО білім басқармасы, ШҚО кәсіптік білім беру орталығымен Өскемен жоғары политехникалық колледжі базасында өткізілді. Конкурстың 2-кезеңіне ТжКОБ ұйымдарынан 14 арнайы пән оқытушылары мен өндірістік оқыту шеберлері қатысты: Қарағанды машина жасау колледжі, Ә. Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің инновациялық технологиялар колледжі, «Қазақмыс» корпорациясының политехникалық колледжі, Павлодар машина жасау колледжі, Қ. Пішенбаев атындағы Екібастұз тау-кен техникалық колледжі, Жоғары түсті металлургия колледжі (Павлодар қ.), Жоғары техникалық колледжі (Көкшетау қ.), Жоғары техникалық колледжі (Щучинск қ.), Атырау индустриалды колледжі, Атырау энергетика және құрылыс колледжі, Талдықорған жоғары политехникалық колледжі, Өскемен жоғары политехникалық колледжі. Конкурстың 2-кезеңі 3 модульден тұрды, олар: «Практикалық оқыту элементтерін көрсету»; «Мен-SMART инженермін»; Еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы бойынша даярлық деңгейін айқындау үшін «Гоша» макетін реанимациялау бойынша ситуациялық мәселені шешу. Қазылар алқасы ұйымдастыру комитеті әзірлеген бағалау критерийлеріне сәйкес орындалған конкурстық тапсырмалардың қорытынды көрсеткіштерін айқындады. Жиынтық хаттаманың қорытындысы бойынша ТжКОБ ұйымдарының педагогтері арасындағы инженерлік саласы бойынша кәсіби шеберліктің ІІ республикалық конкурсының Бас жүлде иегері, жүлдегерлер (1, 2 және 3 орын) және номинация иегерлері анықталды:
Бас жүлде – Дудник Маргарита Георгиевна, Қарағанды машина жасау колледжі;
1 орын – Байдильдин Нурсултан Канатович, Павлодар машина жасау колледжі;
2 орын – Исаев Бауыржан Базарбайулы, Қ. Пішенбаев атындағы Екібастұз тау-кен техникалық колледжі;
3 орын – Сапинов Руслан Викторович, Павлодар машина жасау колледжі.
Сондай-ақ, Конкурс қатысушылары үшін Өскемен жоғары политехникалық колледжінің «Жас маман» жобасы аясында Worldskills халықаралық стандарттарына сәйкес заманауи техникамен және оқу құрал-жабдықтарымен жарақтандырылған Құзыреттілік орталығына экскурсия ұйымдастырылды.Конкурстың жеңімпаздары мен жүлдегерлері, сондай-ақ номинация иегерлеріне Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Грамоталары табысталатын болады. Конкурстың барлық қатысушыларына сертификаттар мен естелік сыйлықтар табыс етілді. Конкурсқа қызығушылық танытып, қатысуға ниет білдірген барлық қатысушыларға алғыс білдіре отырып, жеңімпаздар мен жүлдегерлерге кәсіби қызметтерінде толағай табыстар тілейміз!