Қаріп өлшемі
  • A
  • A
  • A

"Шығыс Қазақстан облысының кәсіптік білім беру орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

2020 жылғы 10 желтоқсанда Геологиялық барлау колледжі ШҚО Кәсіптік білім беру орталығының ұйымдастырушылық қолдауымен Марал Әлбекұлы Әлмұхановты еске алуға арналған «Жас зерттеушілер шығармашылығы - бәсекеге қабілетті мемлекетті қалыптастыруға қосқан үлесі» тақырыбында IV студенттік конференцияның қорытындысың шығарды (конференция сайты: http://chteniya.sgrk.kz/). Дәстүрлі конференция жұмысына Шығыс Қазақстан облысының 15 колледжінен 76 студент қатысты. Конференция қорытындысы бойынша, I орынды келесі студенттер иеленді, атап айтқанда: «Бизнес және сервис колледжі» - Бортебаева Балжан, ғылыми жетекшісі Какимова Динара Болатбековна; «Геологиялық барлау колледжі» - Кульжамбекова Нурай, Конырова Алина, ғылыми жетекшілері Колбасина Ульяна Павловна,  Оразбаева Гаухар Долдашевна; «Жакия Шайжүнісов атындағы электронды колледж» - Наурызбаева Еркежан, ғылыми жетекшісі Амренова Малика Аскаровна; «Семей көп салалы колледжі» - Саматқызы Нұрзат, ғылыми жетекшісі Смагулова Шынар Советхановна; «Өскемен жоғары политехникалық колледжі» - Казанцев Егор, ғылыми жетекшісі Новак Юлия Анатольевна.  Жүлделі II, III орындарды 12 студент иеленіп, 15 студент номинациялармен марапатталды.