ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына және Геодезия және картография жоғары колледжінің 75 жылдығына арналған
Бүгін, 2021 жылғы 22 қарашада Семей қаласының Геодезия және картография жоғары колледжі базасында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына, Геодезия және картография Жоғары колледжінің 75 жылдығына арналған «Геодезия бүгін және ертең» (РФ оқу орындарының халықаралық қатысуымен) колледждер мен жоғары оқу орындарының студенттері мен оқытушылары, топографиялық-геодезиялық сала өкілдері арасында Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясының қорытындысы шығарылды. Конференция мақсаты: геодезия және картография саласындағы озық инновациялық тәжірибені жинақтау және тарату. Конференция 3 секция бойынша өткізілді: «Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығындағы геодезия»; «Геодезия және картография саласындағы инновациялар»; «Геодезия бүгін және ертең». Конференция қорытындысы бойынша жүлделі орындар мен номинация иегерлері төмендегі сілтеме бойынша https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-bilim/press/news/details/288921?lang=ru анықталды.