Рымбек Байсейітов атындағы Семей қаржы-экономикалық колледжінің 90 жылдығына орай
ШҚО кәсіптік білім беру орталығы физика-математикалық пәндер оқытушыларының облыстық әдістемелік бірлестігінің жұмыс жоспарына сәйкес Р. Байсейітов атындағы Семей қаржы-экономикалық колледжімен бірлесіп, 2021 жылғы 24 желтоқсанда «Цифрлық экономика: білім берудегі жаңа технологиялардың маңызды рөлі» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясының қорытындысын шығарды. Мақсаты - сындарлы талқылау және ақпаратпен еркін алмасу, цифрлық технологияларды пайдаланудың тиімді тәжірибесін тарату, халық шаруашылығы мен қазіргі заманғы білім беру саласына инновациялар енгізу үшін алаң ұсыну. Конференция аясында келесі бағыттар бойынша панельдік пікірталастар өткізілді:
- Цифрлық экономика: экономика-жаһанданудың құқықтық аспектілері, перспективалары және мәселелері;
- Цифрлық дәуірдегі қоғам дамуының әлеуметтік үдерістерін басқару үрдістері;
- IT-білім беру перспективалары, білім беру процесіне инновацияларды енгізу;
- Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар: кеңейтілген шындық, бұлтты есептеу, қосымшалар, блокчейн.
Конференция қорытындысы бойынша тиісті ұсынымдар қабылданды.