Қаріп өлшемі
  • A
  • A
  • A

"Шығыс Қазақстан облысының кәсіптік білім беру орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

ШҚО кәсіптік білім беру орталығы инженерлік және құрылыс саласы бойынша облыстық әдістемелік бірлестігінің жұмыс жоспарына сәйкес Өскемен жоғары политехникалық колледжімен бірлесіп, 2022 жылғы 30 наурызда  «Энергетика біздің айналамызда» халықаралық онлайн-олимпиадасын өткізді. Мақсаты – электротехника, электр машиналары және трансформаторлар, сызу, техникалық механика пәндерін оқуға қызығушылықты арттыру. Олимпиада үш кезең бойынша өткізілді. Бірінші кезең https://onlinetestpad.com/ru платформасында тестілеу түрінде өтті. Екінші кезеңде жобалау жұмыстарын автоматтандыру жүйесінде есептеу-графикалық жұмыстарды (AutoCad, Компас, Visio) орындады. Үшінші кезеңде қатысушылар тізбекті қосылу кезінде күрделі айнымалы электр тізбегін есептеді. Олимпиадаға Қазақстан Республикасы, Қырғызстан Республикасы және Ресей Федерациясының 14 колледжінен 36 студент қатысты.

Олимпиада қорытындысы бойынша келесі жүлделі орындар анықталды:

І орын – Зотов Владислав Денисович (Петропавл қ.); Шайдуллин Юсуф Вакифович (Қазан қ.); Омаргалиев Владимир Дмитриевич (Семей қ.);

ІІ орын – Витковский Станислав Сигизмундович (Петропавл қ.); Кучин Даниил Владиславович (Семей қ.);

ІІІ орын – Кочеванский Егор Сергеевич (Нұр-Сұлтан қ.); Фархадов Ихсан Фархадұлы (Семей қ.); Сейткалиев Асхат Валиахметович (Нұр-Сұлтан қ.); Акпанбаев Руслан Касенович (Нұр-Сұлтан қ.).