Қаріп өлшемі
  • A
  • A
  • A

"Шығыс Қазақстан облысының кәсіптік білім беру орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

 

2024 жылғы 11-18 желтоқсан аралығында техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттері арасында «Мейіргер ісі», «Емдеу ісі» мамандықтары бойынша Дүниежүзілік инсультпен күрес күніне арналған «Медицина теория мен тәжірибеде: жастар ғылымындағы неврология мен медицинаның өзекті сұрақтары» атты өңіраралық қашықтықтан ғылыми-практикалық конференциясы өтті.

Конференцияның мақсаты:

Студенттер мен оқытушылардың емдеу және мейірбике саласындағы ғылыми-зерттеу қызметін жандандыру, ғылыми ой-өрісі мен түрлі ғылыми бағыттар арасындағы байланыстарды кеңейтуге ықпал ету, өзекті ақпаратпен алмасу, жастардың инновациялық әлеуетін анықтау және дамыту.

Конференция жұмысына Абай және Шығыс Қазақстан облыс колледждерінің студенттері қатысты.

Ғылыми-практикалық конференция бес бағыттан тұрды:

1- секция. «Медицинаның гуманитарлық, жаратылыстану және нақты ғылымдармен байланысының қазіргі аспектілері»;

2- секция. «Жалпы кәсіптік пәндер табысты практикалық қызметтің негізі ретінде»;

 3- секция. «Терапия мен неврологиядағы мейірбикелік көмекті жетілдірудің өзекті мәселелері»;

4- секция. «Диагностика мен емдеудің инновациялық әдістері»;

5- секция. «Клиникалық зертханалық диагностиканың сапасы мен тиімділігін арттырудың заманауи технологиялары».

Ғылыми-практикалық конференция қорытындысы бойынша жеңімпаздар 1, 2, 3 дәрежелі дипломдармен марапатталды.