Қаріп өлшемі
  • A
  • A
  • A

"Шығыс Қазақстан облысының кәсіптік білім беру орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

2022 жылғы 28 желтоқсанда қызмет көрсету және сервис бағыты бойынша оқытушылардың облыстық  әдістемелік бірлестігінің жұмыс жоспарына сәйкес Өскемен қызмет көрсету саласы колледжінің базасында шаштараз өнері бойынша «Алтын қанат» облыстық қашықтық  байқауының қорытындысы шығарылды (республикалық қатысумен). Мақсаты – колледж білім алушыларының шығармашылықтарын дамыту, кәсіби  шеберліктерін арттыру. Байқау  «Қиялдағы  шаш үлгісі», «Үйлену тойына арналған шаш үлгісі» бағыттары бойынша өткізілді. Сарапшылар байқауға ұсынылған жұмыстарды қарап,  жүлделі орындарды  анықтады:

«Үйлену тойына арналған шаш үлгісі» бағыты бойынша:

1 орын - Махабекова Айгерім Нурланкызы (Құмаш Нұрғалиев атындағы Жоғары колледжі, Өскемен қ.);

2 орын - Виноградова Виктория (Павлодар қызмет көрсету саласы колледжі);

3 орын - Полникова Елизавета (Өскемен қызмет көрсету саласы колледжі).

 «Қиялдағы  шаш үлгісі» бағыты бойынша:

1 орын - Тютюнникова Ксения (Өскемен қызмет көрсету саласы колледжі); Шермахер Виктория (Абай облысы, Семей қаласының технология колледжi);

2 орын - Кабардина Елена (Өскемен қызмет көрсету саласы колледжі);

3 орын - Худякова Надежда (Өскемен қызмет көрсету саласы колледжі).

Сонымен қатар,  байқаудың номинация иегерлері анықталды.

Құттықтаймыз!