Қаріп өлшемі
  • A
  • A
  • A

"Шығыс Қазақстан облысының кәсіптік білім беру орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

ІТ бағытындағы оқытушылардың облыстық әдістемелік бірлестігінің бекітілген жұмыс жоспарына сәйкес, 2020 жылдың 2 желтоқсанында ШҚО кәсіптік білім беру орталығы Радиотехника және байланыс колледжімен бірлесіп, Ұлы ақын Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған ШҚО колледждерінің студенттері арасында өткізілген «Үздік презентация» облыстық қашықтық байқауының қорытындысын шығарды. Байқауға қатысу үшін 15 колледжден 41 студенттің презентациялары тіркелді. Барлығы 15 колледжден 31 студент қатысты. Қатысушылардың жұмыстарын А.Б. Закирова, п. ғ. к., доцент, Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті ақпараттық технологиялар факультетінің академиялық мәселелер жөніндегі деканның орынбасары, М. А. Ермағанбетова, п. ғ. к., Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті ақпараттық технологиялар факультетінің информатика кафедрасының доценті, К. Г. Күзембаев, ҚР қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығы директорының орынбасары, М. А. Аубакир, ф. ғ. к., Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің доценті, Абай институтының директоры; ІТ бағытындағы облыстық әдістемелік бірлестігі оқытушыларының ОӘБ төрайымы К.М.Түсіпбаева бағалады.  Байқау қорытындысы бойынша 1 орынды Абай атындағы Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжінің студенті Ж.Х.Касенова, 2 орынды Абай атындағы Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжінің студенті Н.С.Айтбаева, 3 орынды Геологиялық барлау колледжінің студенті А. Қажен иеленді. Барлық жеңімпаздарға онлайн режимінде ШҚО кәсіптік білім беру орталығының грамоталары, ал қатысушыларға сертификаттар берілді.