Қаріп өлшемі
  • A
  • A
  • A

"Шығыс Қазақстан облысының кәсіптік білім беру орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

2020 жылғы 10 желтоқсанда колледж студенттері арасында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай ұйымдастырылған «Үздік эссе» облыстық қашықтық байқауының қорытындысы шығарылды. Байқау ШҚО кәсіптік білім беру орталығының тілдік пәндер облыстық әдістемелік бірлестігінің жұмыс жоспарына сәйкес өткізілді. Байқауға қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде барлығы 60-қа жуық студенттердің жұмысы ұсынылды. Жұмыстарды бағалау барысында қазылар алқасы тиісті критерийлерді басшылыққа алып, ұсынылған жұмыстардың мазмұнды жазылғанын атап өтті. Байқау қорытындысы бойынша: Абай атындағы Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжінің студенті Жеңісбек Бірлік (1 орын), М.О. Әуезов атындағы педагогикалық колледжінің студенті Қабласымова Жансая (1 орын), Алтай қаласы технология колледжінің студенті Нагибина Каролина (1 орын), Геологиялық барлау колледжінің студенті Абикенев Адиль (1 орын) орындарға ие болды. Байқау жеңімпаздары және жүлделі 2, 3-орындарды иеленген студенттер ШҚО кәсіптік білім беру орталығының дипломдары мен «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Дала фольклоры антологиясы», «Ұлы даланың көне сарындары» жинағы сериясынан шығарылған кітаптармен марапатталды. Барлық қатысушыларға алғыс білдіріп, жүлдегерлер мен жеңімпаздарды құттықтаймыз!