Қаріп өлшемі
  • A
  • A
  • A

"Шығыс Қазақстан облысының кәсіптік білім беру орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Ағымдағы жылдың 16 мамырында  ШҚО ТжКБ жүйесі оқу орындарының арнайы пәндер оқытушылары арасында «Арнайы пәндер бойынша үздік бейне шеберлік сыныбы» облыстық қашықтық байқауының қорытындысы шығарылды.Байқаудың мақсаты - педагогикалық қоғамдастықтың өзін-өзі тиімді жүзеге асыруы үшін жағдай жасау, педагогтердің шығармашылық қызметі мен кәсіби шеберлігін дамыту. Байқауда оқытушылар оқытылатын пән тақырыптарының бірі бойынша шеберлік сабақтарының бейнероликтері мен сценарийлерін ұсынды. Байқауға барлығы 41 жұмыс ұсынылды.

Қатысушылардың жұмыстары келесі критерийлер бойынша бағаланды:

  • таңдалған тақырыптың мазмұны мен техникалық регламентіне сәйкестігі;
  • сценарийдің технологиялық және әдістемелік сауаттылығы;
  • өзектілігі, практикалық және әлеуметтік маңыздылығы;
  • әдістемеде немесе технологияда авторлық компоненттердің болуы;
  • тақырыпты заманауи деңгейде меңгеруі және т.б.

Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді төменде көрсетілген ШҚО білім басқармасының сайтынан көре аласыздар!

https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-bilim/press/news/details/371583?lang=ru

Байқау жеңімпаздары мен жүлдегерлерін құттықтаймыз!