Қаріп өлшемі
  • A
  • A
  • A

"Шығыс Қазақстан облысының кәсіптік білім беру орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

ШҚО кәсіптік білім беру орталығының жұмыс жоспарына сәйкес 2021 жылдың 27 желтоқсанында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің  30 жылдығына орай ШҚО ТжКБ жүйесі оқу орындарының инженер-педагог қызметкерлері арасында «Үздік бейнесабақ» облыстық қашықтық байқауының қорытындысы шығарылды.

Байқаудың мақсаты - озық педагогикалық тәжірибені тарату, сондай-ақ, бірыңғай ақпараттық білім беру кеңістігінде педагогтердің ақпараттық-коммуникациялық және технологиялық құзыреттілігін арттыру.

Байқау жеңімпаздарын ұйымдастыру комитеті келесі критерийлер бойынша анықтады:

  •  педагогикалық идеяны ашу;
  •  білім берудің заманауи талаптарына сәйкестігі, өзектілігі;
  •  материалдың әдістемелік және практикалық құндылығы.

Жеңімпаздар, жүлдегерлер және номинация иегерлерін төменде көрсетілген ШҚО білім басқармасының сайтынан көре аласыздар!

https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-bilim/press/news/details/307091?lang=ru

Барлық байқау жеңімпаздарын құттықтаймыз