Қаріп өлшемі
  • A
  • A
  • A

"Шығыс Қазақстан облысының кәсіптік білім беру орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Қоғамдық ғылымдар негіздері оқытушыларының ОӘБ жұмыс жоспарына сәйкес ШҚО кәсіптік білім беру орталығының қолдауымен М.Әуезов атындағы Педагогикалық колледжі Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай ТжКБ жүйесі оқу орындарының студенттері арасында «Ұлттық сананы жаңғырту – Ұлттың ұлы мұрасы» облыстық қашықтан ғылыми жобалар байқауын өткізді. Конференцияға студенттердің 20-дан астам жұмысы ұсынылды. Студенттердің жұмыстарын әлеуметтану Phd докторы, Семей қаласы Шәкәрім атындағы мелекеттік университетінің қауымдастырылған профессоры, доцент М.Т.Әбдікәкімов, Семей қаласының облыстық тарихи-өлкетану мұражайының маманы Г. Ш. Тортенова, «Жас Отан» Жастар қанатының ШҚОФ Семей қалалық бөлімшесінің басшысы Т. М. Бахтияров бағалады. Жоғары зияткерлік қабілеттерін көрсеткен және ең көп балл жинаған қатысушылар дипломдармен марапатталды. Конкурс қорытындысы бойынша: Бортебаева Б.Б., Бизнес және сервис колледжі (ғылыми жетекшілері - Какимова Д. Б., Разбекова Ж. Ж.) І орын; Семей көпсалалы колледжі, Саматқызы Н. (ғылыми жетекшісі - Ніпанова Ж. Т.) ІІ орын; Бизнес және сервис колледжі, Бидамбекова Д. Н. (ғылыми жетекшісі - Алпысбаева В. Т.) ІІІ орын; Д. Қалматаев атындағы мемлекеттік жоғары медициналық колледжі, Жұмабаева Н. (ғылыми жетекшісі - Болвансарова Д. С.) ІІІ орын алды. Геологиялық барлау колледжінің студенті Нуролла Е.Н. (ғылыми жетекшісі - Омарбекова Ж.С.) «Парасатты пайымдау», А.Б. Мұхаметкәрім, Шығыс Қазақстан технологиялық колледжі (ғылыми жетекшісі - Рахимжанова Н. Ж.) «Инновациялық идея», Е. А. Серіков, Көлік колледжі (ғылыми жетекшісі - Ораз А. А.) «Зияткерлік зерттеуші» номинациялары бойынша марапатталды. Барлық қатысушылар мен ғылыми жетекшілерге сертификаттар табысталды..