Қаріп өлшемі
  • A
  • A
  • A

"Шығыс Қазақстан облысының кәсіптік білім беру орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

ШҚО кәсіптік білім беру орталығының жұмыс жоспарына сәйкес колледж кітапханашыларының облыстық әдістемелік бірлестігі ZOOM платформасында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған облыстық қашықтан виртуалды кітап көрмесінің қорытындысын шығарды. Байқаудың мақсаты - колледждердің кітапхана қызметкерлерінің шығармашылық қабілеттерін дамыту, олардың шығармашылық әлеуетін жандандыру. Байқауға колледждердің 24 кітапханашысы қатысты. Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталды: І орын – Қазтұтынуодағы агробизнес және экономика колледжі, кітапхана меңгерушісі А.Қ. Құнанбаева, ІІ орын – Көлік колледжі, кітапхана меңгерушісі Л.Н.Борисевич; ІІІ орын – Мұқан Төлебаев атындағы музыка училищесі, кітапхана меңгерушісі А.М.Махамбетова. «Үздік виртуалды көрме» номинациясында Өскемен жоғары медициналық колледжі, кітапхана меңгерушісі М. А. Бурунбетова белгіленді.