Қаріп өлшемі
  • A
  • A
  • A

"Шығыс Қазақстан облысының кәсіптік білім беру орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

         ШҚО кәсіптік білім беру орталығы қазақ тілі мен әдебиеті оқытушылары облыстық әдістемелік бірлестігінің жұмыс жоспарына сәйкес Бизнес және сервис колледжімен бірлесіп, 2022 жылғы 13 сәуірде Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай ШҚО ТжКБ ұйымдарының студенттері арасында «Дәуірдің жарық жұлдызы - Ахмет Байтұрсынұлы» облыстық қашықтық әдістемелік-шығармашылық байқауын өткізді. Мақсаты -  жаһандық білім беру кеңістігіне ену жағдайында Ахмет Байтұрсыновтың  мұрасын инновациялық технологиялар негізінде оқыту-дәстүрлі тілімізді сақтау құралы ретінде тәжірибе алмасу; ұлттың әлеуетін арттыруда қоғамымыздың идеалы, өзінің тілін, тарихын, мәдениетін білетін, озық әрі жаһандық көзқарасы бар қазақстандық кәсіби тұлға қалыпастыру. Байқауға ШҚО ТжКБ оқу ұйымдарынан екі бағыт бойынша барлығы 57 жұмыс келіп түсті.

Қатысушылардың жұмыстарын сараптамалық комиссия мүшелері бағалай келе, байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлерді  анықтады.

«Тіл тағылымы» мәнерлеп оқу бағыты бойынша:

І орын - Кенесханова Аружан Жарқынқызы (М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжі);

ІІ орын - Нұрбаева Аяулым Ерзатқызы (Шығыс Қазақстан технология колледжі);

ІІІ орын - Серікқали Алуа (Бизнес және сервис колледжі), Болбадаева Іңкәр (Сәрсен Аманжолов атындағы ШҚУ Жоғары колледжі).

«Ұлттың ұлы ұстазы» шығармашылық эссе жұмысы бағыты бойынша:

І орын - Төкенов Елдар Серікұлы («Innovative college» мекемесі);

ІІ орын - Турсынбекова Дария Болатқызы (М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжі);

ІІІ орын – Тастемір Кәусар (Өскемен экономика және қаржы колледжі).

Барлық жеңімпаздар мен жүлдегерлерді  құттықтаймыз!