«Үздік педагог» республикалық конкурсы облыстық кезеңінің қорытындысы
Ағымдағы жылғы 21 маусымда ШҚО-да жыл сайынғы «Үздік педагог» республикалық конкурсы облыстық кезеңінің қорытындысы шығарылып, ТжКБ жүйесінің 2021 жылғы үздік педагогі анықталды. Кәсіптік білім беру орталығы колледжішілік кезеңінің жеңімпаздарынан конкурсқа қатысатын 13 өтінімді қабылдады. Осындай конкурстарға қатысуға тілек білдірушілер саны жылдан жылға артып келеді, себебі кәсіби конкурстар озық педагогтерді көтермелеуге ғана емес, сонымен қатар педагогикалық қызметкерлердің мәртебесі мен еңбек беделін арттыруға да ықпал етеді. Конкурсты өткізу үшін білім басқармасының бұйрығымен білім басқармасының қызметкерлері, тәжірибелі педагогтер, педагогикалық шеберліктегі кәсіби конкурстарының жеңімпаздары, әдістемелік қызметтер, білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаментінің және біліктілікті арттыру институттарының қызметкерлері, сондай-ақ білім беру саласындағы қоғамдық бірлестіктердің, жастар ұйымдарының өкілдері қатарынан конкурстың ІІ кезеңінің жеңімпазын анықтау жөніндегі облыстық комиссияның құрамы бекітілді. 3 күн ішінде, яғни 2021 жылғы 16-18 маусым күндері комиссия қашықтық режимінде ҚР БҒМ-нің 2020 жылғы 23 сәуірдегі № 157 бұйрығына сәйкес конкурсқа қатысушылардың материалдарын қарады. Конкурсқа қатысушылардың портфолиосы мен мазмұнына жоғары талаптар қойылды. Конкурсқа қатысушылар білім беру қызметіндегі жеке кәсіби жетістіктерін, соңғы 5 жылдағы білім беру жүйесінің дамуына үлесін, студенттерді оқыту мен тәрбиелеудің нәтижелерін, сонымен қатар, конкурс ережесіне сәйкес, қатысушылар бейнероликтер мен эсселерін де ұсынды. Конкурс ережесіне сәйкес комиссия 10 балдық шкала бойынша конкурсқа қатысушылардың қызметіне баға берді, сонымен қатар, педагогтің кәсіби құзыреттілігінің көрсеткіштері, конкурсқа қатысушы қызметінің нәтижелілігі, конкурсқа қатысушының кәсіби шеберлігі, эстетикалығы, портфолионың құрылымы мен толықтығы, байқаудың техникалық шарттарына бейнероликтің сәйкестігі, регламентті сақтау, сондай-ақ, роликті дайындау кезінде арнайы бағдарламаларды пайдалану назарға алынды. Облыстық комиссияның шешімімен конкурстың ІІ кезеңінде Халық әртістері ағайынды Абдуллиндер атындағы Шығыс Қазақстан өнер училищесінің арнайы пәндер оқытушысы Темирова Асель Канбековна жеңімпаз атанып, республикалық деңгейде үздік педагог атағына күресу құқығын жеңіп алды. Темирова Асель Канбековнаны жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз!