ШҚО техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары педагогтері арасындағы педагогикалық сала бойынша республикалық кәсіби шеберлік конкурсының облыстық кезеңінің қорытындысы
ШҚО кәсіптік білім беру орталығы 2022 жылғы 14 ақпанда ШҚО техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары педагогтері арасындағы педагогикалық сала бойынша республикалық кәсіби шеберлік конкурсы облыстық кезеңінің қорытындысын шығарды. Конкурстың мақсаты - педагогикалық мамандықтар мен жалпы білім беру пәндерінің оқытушысы мамандығының мәртебесін арттыру, конкурсқа қатысушылардың педагогикалық тәжірибесін ұсыну және танымал ету. Конкурсты өткізу үшін ШҚО білім басқармасымен ұйымдастыру комитеті құрылды. Қазылар алқасы Ұйымдастыру комитеті әзірлеген бағалау критерийлеріне сәйкес орындалған конкурстық тапсырмалардың қорытынды көрсеткіштерін айқындады. Жиынтық хаттаманың шешімі бойынша облыстық кезеңінің жеңімпаздары, жүлдегерлері және номинанттары анықталды. Конкурстың облыстық кезеңінің нәтижелерін ШҚО білім басқармасының сайтында, сондай-ақ, әлеуметтік желілер парақшаларынан көре аласыздар! https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-bilim/press/news/details/326256?lang=ru