Қаріп өлшемі
  • A
  • A
  • A

"Шығыс Қазақстан облысының кәсіптік білім беру орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

2022 жылғы 31 мамырда ШҚО кәсіптік білім беру орталығымен «Облыстық әдістемелік бірлестік көшбасшылары – 2022» облыстық байқауының қорытындысы шығарылды.

Байқаудың мақсаты - ШҚО ТжКБ жүйесі облыстық әдістемелік бірлестіктерінің қызметін дамыту және жетілдіру.

Қатысушылардың байқау жұмыстары келесі критерийлер бойынша бағаланды:

- облыстық әдістемелік бірлестік қызметіндегі инновациялық әдіс-тәсілдердің, технологиялардың мазмұндылығы;

- ОӘБ төрайымдарының ұйымдастырушылық, басқарушылық, креативті және коммуникативтік қабілеттері.

Байқау қорытындысы бойынша сараптама комиссиясы келесі жеңімпаздар мен жүлдегерлерді анықтады:

1 орын – Оразбаева Гаухар Долдашевна, тілдік пәндер оқытушыларының облыстық әдістемелік бірлестігінің төрайымы (ағылшын тілі, орыс тілі және әдебиет);

2 орын – Кайкенова Айнура Муратовна, қазақ тілі мен әдебиеті оқытушыларының облыстық әдістемелік бірлестігінің төрайымы;

3 орын – Кусаинова Гульжанат Мендыбаевна, ауыл шаруашылығы бағытындағы арнайы пәндер оқытушыларының облыстық әдістемелік бірлестігінің төрайымы.

Құттықтаймыз!