Қаріп өлшемі
  • A
  • A
  • A

"Шығыс Қазақстан облысының кәсіптік білім беру орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

ШҚО кәсіптік білім беру орталығы инженерлік және құрылыс саласы бойынша облыстық әдістемелік бірлестігінің жұмыс жоспарына сәйкес Көлік колледжімен бірлесіп, 2022 жылғы 20 мамырда ШҚО ТжКБ жүйесі оқу орындарының студенттері арасында «Үздік автокөлік механигі» облыстық байқауын өткізді.

Мақсаты – кәсіби талаптарға сәйкес білім алушылардың кәсіби құзыреттілігінің қалыптасуын, өндіріс талаптарына сай жас мамандардың кәсіби даярлығының сапасын «Автокөліктерге техникалық қызмет көрсету және жөндеу» мамандығы бойынша үздіктерді анықтау.

Байқау жұмыстары келесі тапсырмалар бойынша өткізілді: автокөлік құрылысы және жол жүру ережесінен тест сұрақтарға жауап беру, мультиметрмен электр құрылғыларын тексеру, автокөліктегі сезгіштерді табу жұмыс принципін айту, т.б.

Байқау нәтижесі бойынша  жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды:

Бас жүлде - Алжапаров Сұнғат Қаниұлы (Көлік колледжі);

І орын - Каратаев Максим Николаевич (Өскемен құрылыс колледжі);

ІІ орын - Катт Эдуард Владимирович (Шығыс Қазақстан технология колледжі);

ІІІ орын - Тоқан Мирас Қанатұлы (Жарма технология колледжі).