«Үздік маркетолог» облыстық байқауының қорытындысы
ШҚО кәсіптік білім беру орталығы экономикалық бағыттағы оқытушылардың облыстық әдістемелік бірлестігінің жұмыс жоспарына сәйкес 2022 жылдың 18 наурызында Бизнес және сервис колледжімен бірлесіп экономикалық бейіндегі мамандықтар студенттері арасында «Үздік маркетолог» облыстық кәсіби байқауының қортытындысын шығарды.
Байқаудың мақсаты – студенттердің арнайы пәндерді өз бетінше тереңдетіп оқу қызығушылықтарын дамыту.
Байқау 4 кезеңде өтті:
- «Визит карточкасы»(команданың сәлемі);
- «Блиц тур» (сұрақ-жауап, терминдерді анықтау);
- «Копирайтинг» (жарнама);
- «Эрудит» (Команда капитандарының сайысы).
Байқау қорытындысы бойынша келесі жеңімпаздар анықталды:
І орын - Турсынгазина Динара Сериккуловна Турлубекова Амина Сеилгазиевна, Р. Байсейітов атындағы Семей қаржы-экономикалық колледжі, «VENDO» командасы;
ІІ орын – Ошакбаева Меруерт Әскержановна, Сулейменова Рысгуль Кабыкеновна, Бизнес және сервис колледжі, «Товароведы» командасы;
ІІІ орын – Нұрғалиева Зәуреш Хидоллаевна, Ж.Чайжунусов атындағы Электронды колледжі, «Империя» командасы.
Барлық жеңімпаздарды құттықтаймыз!!!