Қаріп өлшемі
  • A
  • A
  • A

"Шығыс Қазақстан облысының кәсіптік білім беру орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

ШҚО кәсіптік білім беру орталығы қоғамдық пәндер негіздері оқытушылары облыстық әдістемелік бірлестігінің жұмыс жоспарына сәйкес М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжімен бірлесіп, 2021 жылғы 14 желтоқсанда Әлихан Бөкейхановтың 155 жылдығына орай «Ұлттық сананы жаңғырту-ұлттың ұлы мұраты» облыстық ғылыми жобалар байқауының қорытындысын шығарды.

Мақсаты – техникалық және кәсіптік білім беру жүйесіндегі студенттердің ғылыми шығармашылық әлеуетін дамыту, ғылыми-зерттеу дағдысы мен біліктілігін арттыру.

Байқауға қатысу үшін колледж студенттерінен 30-ға жуық өтінім келіп түсті.

Байқау келесі номинациялар бойынша өткізілді:

  • «Зерделі зерттеуші»;
  • «Жаңашыл идея»;
  • «Парасатты пайым».

Жеңімпаздар, жүлдегерлер және номинант иегерлерін төменде көрсетілген ШҚО білім басқармасының сайтынан https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-bilim/press/news/details/301690?lang=ru

 көре аласыздар!

Барлық жеңімпаздарды құттықтаймыз!